Жарияланды: 09.11.2018

Әлеуметтік көмекті жетілдіру жолдары қарастырылды

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Яғни енді мемлекттен берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде аз қамтылған отбасылардың табысы басқаша қаралуы мүмкін. Биыл елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәртібі енгізілген. Мәжілістің Үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі соның орындалу барысы жайлы есеп берді.

     Мадина Әбілқасымованың сөзінше бүгінде бұл жүйемен жарты миллионға жуық ел азаматы көмек алуда.  Бұған ел қазынасынан 30 миллиардқа жуық теңге бөлінген. Қаржыны игеруде Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысы артта келеді. Жаңа  жүйенің арқасында әлеуметтік көмек алушылардың табысы 7306 теңгеден  12 мың 809 теңгеге өскен екен. Мұның өзін мұқтаж азаматтар аз да болса, көп көруде. Сондай-ақ минстрлік  бұл жүйені одан әрі дамыту жолдарын қарастыруда. Әлеуметтік сауалнама жүргізіліп,  ұсыныстар пысықталуда. Мәселен отбасы табысын есептеу кезінде, әлеуметтік көмектер енді есепке алынбайды деп  жоспарланып отыр.  Ал қорасындағы бірді-екілі малын есепке алып, аз қамтылған жандарды жәрдемақыдан қағу деректері әлі де бар. Себебі оны есептейтін әдістеме 2005 жылдан бері әлі өзгермеген.

 БАЙДІЛДӘ ЖЫЛҚЫШИЕВ — ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ  МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ

Мысалы үшін қосалқы шаруашылық деген қазір мүлдем өзгеріп кетті. Бұрын екі тауық, үш тауығы жүрсе де соны да есептейтінбіз. Міне табысың бар деп сенің. Сол әдістемемен 13 жыл болды әлі келе жатырмыз.

 МАДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА- ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

 Қазір жергілікті атқарушы органдарда осындай құқығы бар, заң бар,  олар осы қосалқы шаруашылғынан келетін табысты есептемеуге құқығы бар. Осындай құқықты біз әдейі ендірдік заңға.  

3 483 қаралым