Ақ жаулықты аналарды ардақтау – азаматтық парыз. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тебеткен асыл жандарға қандай көмек көрсетсек те артық болмас. Ел демографиясын өсіруге өз үлесін қосып жүрген Қазығұрттық аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Олар облыс орталығы Түркістанның қасиетті жерлерін аралауға мүмкіндік алды. Бұл игі істі аудандық мәслихат депутаты Есболат Нышанбекұлы ұйымдастырды.
Шанақ, Ақжар ауылдарында тұратын Қазығұрттық 50 батыр ана Түркістан облысының орталығымен танысып, киелі жерлерді аралады. Алтын құрсақты аналар алдымен, көне Отырардағы Арыстанбаб кесенесіне табан тіреді. Ондағы сәулеті келіскен ескерткіштің тарихымен танысып, баба рухына құран бағыштады.
Кенже Әбдірашова – Қазығұрт ауданының тұрғыны
Қасиетті жердің кереметімен танысқан аналар қауымы мұнан соң Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Онда кесенедегі көне жәдігерлермен танысты. Ал, Сәулет апа болса, Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына қуанып, ризашылығын білдірді.
Саулет Елғонова – Қазығұрт ауданының тұрғыны
Есболат Нышанбекұлы –Қаазығұрт аудандық мәслихатының депутаты
Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да құтыла алмайсың. Сондықтан ақ жаулықты асыл жандарға жақсылық жасап, үмітін ақтау –әрбір адамның міндеті. Түркістанның тарихына тамсанған қазығұрттық көпбалалы аналар, игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын жаудырды.