Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық салт-дәстүрімізді бойымызға сіңіру керектігін айтқан.Осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда аналар мен отбасының алар орны қандай? Осы мәселені ашып, талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Аналар кеңесінің рөлі» атты республикалық әйелдер форумы өтті.
Әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету нәзік жандылардың қанына сіңген қасиет.Сондықтан рухани жаңғыру бағдарламасын орындау барысында әйелдердің алар орны бөлек. ҚР Президенті Әкімшілігі қасындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңерушісінің орынбасары Назипа Шанай осы мәселеге баса назар аудару керектігін жеткізді.
Форумның негізгі мақсаты – жастарға рухани адамгершілік құндылықтарды дамытудағы ұлттық мәдениеттің рөлін түсіндіру.
Нуриниса Досымбетова – ҚР өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы төрағасының орынбасары
Өзіміздің жас аналарымызды тәрбиелеп, жастарды соның ішінде болашақ аналарымыз қыздарды. Қазіргі кезде көптеген аналарымыз мемелекеттік қызметте жұмыс істейді. Балаларын бала –бақшаға берсем болды деп ойлайды. Негізі ол дұрыс емес балалардың тәрбиесін бірінші орынға қою керек.
Икрамжан Хашимжанов – ҚР өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының төрағасы
Елбасымыз 2019 жыл жастар жылы деп атап өтті. Жастар тәрбиесі біздің мақсатымыз. Ата-ананың тәрбиесін алған бала жақсы бала болып шығады. Құс ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі дейді.
Жиынға қатысушылар ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірледі. Тараз қаласынан келген Мухаббат ханым дәл осындай форумдар көптеп өткізілсе біздің болашақ жастарымыз нағыз елінің патриоты болып өсетініне сенімім мол дейді.
Мухаббат Миржапова –Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Тараз қалалық аналар кеңесінің төрайымы
Ата-бабамыздың бір сөзі бар ғой «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, Бір қолымен әлемді тербетеді».Сол біздің болашағымыз, еліміздің болашағы аналарымыздың қолында.Біздіңғ елімізде бұрын соңды қарттар үйі, жетімдер үйі болмаған. Ал, қазір ше қарттар үйі мен жетімдер үйі көбейіп кеткен.Рухани тәрбие, рухани жаңғыру болу керек. Мен соған бүкі аналарды шақырамын.
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің арта түсіп, өмірдегі орныңды таба аласың.