Жарияланды: 09.11.2018

Мектеп психологтарының семинары өткізілді

Бүгінде өңіріміздегі мінез құлқы нашар тәрбиесі қиын балалар мен жұмыс жүргізетін педагог-психологтар Түркістанда өз біліктіліктерін арттырып жатыр.Олар үш күн бойы тәжірибелі мамандардан дәріс алып мінезі қиын оқушыларды қалай биімдеуге болатынын үйренеді. Біліктілік арттыру семинарына 40 психолог қатысуда.

Жасыратыны жоқ соңғы уақытта қоғамда мектеп оқушылары арасындағы егес, өз-өзіне қол жұмсау сынды оқиғалар жиі орыналатын болды. Бұл жолғы семинар сондай жат қылықтардың алдын алуды көздейді. Сондықтан тренинг кезінде мектеп психологтарына тәрбиесі қиын оқушалармен жұмыс жүргізудің жолдары түсіндірілді. Ол үшін тәжірибелі мамандар дәріс оқыды.

Марат Асимов  –Медицина ғылымдарының докторы

Біздің қазақстанда балалар арасындағы өз өзіне қол жұмсау, олардың тәрбиесі қазір өте өзекті мәселеге айналып отыр. оның ішінде осы аймақтада ол мәселе бар. сондықтан біз осы семинар кезінде мектеп психологтарына тәрбиесі қиын оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін үйреттік.

үш күндік семинар кезінде қатысушылар бірнеше бағыт бойынша біліктіліктерін арттырды. алдымен мінез-құлық бұзылыстарының алдын алуды үйренсе, кейін оқушыларды жат қылықтан арылтудың жолын қарастырды.сонымен қатар әр күн сайын өздерінің өткен сабақтары бойынша жеке-жеке талқылап, өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылған балалар мен қалай сөйлесу керектігін меңгерді. 

Фарида Байзақова – Түркістан облыстық салауатты өмір салтынқалыптастыру орталығының атқарушы директоры

Бүгінгі семинарғабіз тәрбиесі қиын оқушылары көп мектеп, интернаттардың психологтарын шақырттық.Енді оларға арнайы сертификат берілетін болады.

Семинарды облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған. Ал, мектеп психологтарын таңдауда білім басқармасы қолдау көрсетіпті. 

1 617 қаралым