Жарияланды: 09.11.2018

«Өзінді дамыт». Жастарға арналған тренинг өтті

«Өзінді дамыт» «Продивигай себя»! Осындай атаумен  Достық үйінде өзін – өзі дамыту, өзіндік маркетинг және өзін таныту стратегиялары бойынша семинар тренинг болып өтті. 

Тренингке «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, сондай-ақ, мектеп оқушыларымен студенттер қатысты. Тренинге қатысушыларға  Ассамблеясы жанынан құрылған «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмырбаев, «Байсерке-Агро»  агрохолдингі құрылтайшысының кеңесшісі  Кирилл Павлов сөз сөйледі.  Сондай-ақ,  стартапер, «Сәлем» кофе-барлар желісінің негізін қалаушы Аят Азимов өзінің әлеуметтік желілердегі қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар, тележүргізуші, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі Ирина Тен селфбрендинг және өзін-өзі дамыту тәжірибесімен бөлісті. Семинар-тренингтен жастар өзіне қажетті ақпараттарды, құнды кеңстерді ала білді және өз кезектерінде тренерлерге ризашылықтарын білдіріп өтті.  Аудиториядағы жастарды өздерінің жетістікке жеткен замандастары қанат бітірігендей, тың күш-серпін алып қайтты. 

 

                                              

1 283 қаралым