Облыс мектептерінде педагог- психологтар аз. Соның салдарынан соңғы уақытта өңірде бала тәрбиесі босаңсып барады. Облыстық білім басқармасының басқармасының басшысының айтуынша жыл басынан бері облыста түнгі уақытын көңіл көтеретін орындарда жүргені үшін 127 баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 69 жасөспірім бейімдеу орталығына өткізілген. Мектептердегі осындай мәселелер Түркістан қаласында өткен алқалы жиында көтерілді.
Облыста 905 мектеп бар. Онда 474 мыңнан астам бала білім алады. Ал, сол балғындармен бар болғаны 1264 ғана психолог жұмыс жүргізеді. Егер психолог пен бала санын салыстырып қарасақ бір маманға 375 оқушыдан келеді. Сонымен қатар, маман біліктілігі де көңілге қаяу. Себебі, мектептегі психологтардың 500-ге жуығы мамандықты сырттай бітіргендер мен санаты жоқтар.
Исатай Сағындықов – облыстық білім басқармасының басшысы
Мектеп қабырғасында балаларға сапалы педагогикалық психологиялық қолдау көрсету, балалармен тығыз жұмыс жасауға психологтардың толық мүмкіндіктері болмай тұр. 905 мектепте бар болғаны 1264 психолог жұмыс істеуде. Олардың қай жағынан алып қарасақ та педагок психологтардың игеруі мүмкін емес.
Осындай олқылықтар әсер еткен болуы мүмкін. Соңғы уақытта облыста оқушылардың қолымен жасалған қылмыс саны жиілепті. Облыстық ішкі істер департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 161 қылмыс жасалған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары.
Әбдіғани Сейілбекұлы – облыстық ІІД бастығының орынбасары
Жас мөлшеріне тоқталсақ 14-15 жас аралығындағылар 55 қылмысқа қатысса, 16 мен 18 жас аралығындағылар 118 қылмысқа қатысқан. Бұл қылмыстардың 9,9 пайызы бұзақылық. 6,8 пайызы тонау, 55,3 пайызын ұрлық қылмыстары құрап отыр.
Облыс әкімінің орынбасары төрағалық еткен жиында Елбасы жолдауын жүзеге асыру мәселесі де сөз болды. Себебі, жолдауда білім саласын жетілдіру жайы да жан-жақты айтылған. Осыны алға тартқан парламент мәжілісінің депутаты алдағы уақытта жолдау жүктеген міндет терді алға тарытып білім саласындағы жұмысты жүйелеуді тапсырды.
Сәуле Айтбаева – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Біздің болашағымыз балалар білімге өзінің демін, өмірін салмаса онда болашағымыздың қандай болатыны белгісіз. Ең бірінші мектептерде, балабақшаларда мұғалімдер тәрбиешілер баламен сыйлы болу.
Ұласбек Сәдібеков – Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Мектептің психолог мамандарына көп жағдайда олардың біліктілігіне ғана назар аударып қойып отырамыз. Оларды сырттай білім алды деп. Ал, шын мәнінде көп жағдайда біз өзіміз жұмысты жандандыруымыз керек. Тіпті жұмыс істеу керектігін Сәуле Мұхамеджан қызы кешеден бері айтып отыр.
Алқалы жиында мектептердегі бала тәрбиесінен бөлек өңірдегі жастардың жайы да талқыланды. Ол бойынша облыстық отбасы және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы баяндама жасады.