Жарияланды: 09.11.2018

Ауылдарда бейімдеу орталықтары ашылды

Отырар ауданы Қоғам және Аққұм елдімекендерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін күндізгі қатынау бөлмелері ашылды. Орталық Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында ашылып отыр. Салтанатты шара барысында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды құттықтап, жомарт азаматтарға өз ықыласын білдірді.

Бүгінгі қолданысқа берілген мекемеде жасөскіндер ем алып, түрлі мамандар бақылауында болады. Бұл сонымен қатар, ата-аналар үшін де тиімді. Шара мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту мақсатында өткізіліп отыр.

 

Аудан бойынша жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі балаларды кезең-кезеңімен күндізгі қатынау бөлмелеріне орналастыру жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Отырар, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтерінде шағын қатынау бөлмесі ашылып, қызмет көрсетіліп жатса, игілікті бастамаға тағы да екі ғимарат қосылды.

Балғындардың өміріне бей-жай қарамай, игі істің басында жүрген азаматтарға жергілікті тұрғындар дән риза. Ауыл ақсақалдары алғысын айтып, ақ баталарын берді. Игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табады.

1 112 қаралым