Жарияланды: 09.11.2018

«Көнеден қалған сыр сандық» байқауы өтті

2018 жылдың 1 қараша күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді әдеп-ғұрып, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында аудандық мәдениет үйінде 70-80 жастағы әжелер арасында «Көнеден қалған сыр сандық» атты байқау өтті. Байқауға ауылдық округтерден іріктеліп 6 үміткер қатысып, өз өнерлерін көрермендерге паш етті. 
Байқауда Мичурин ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбаев Болатбек, зейнеткер Байжанысова Нұргүл, аудандық мәдениет үйінің режисері Мөлдір Айтбаева, кітапхана қызметкері Махамбетқызы Ботагөз қазылық жасады. 
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Балықты ауылдық округінен Қожамқұлова Әсемкүл, І орын Кемербастау ауылдық округінен Егенова Айтансық, ІІ орын Жабағылы ауылдық округінен Арғынбаева Айымкүл мен Мичурин ауылдық округінен Мелдебекова Бегайымхан әжелерімізге бұйырса, ІІІ орынды Жаскешу ауылдық округінен Баутаева Хадиша мен Келтемашат ауылдық округінен Әсілова Орынқыз әжелеріміз иеленді. Байқауға қатысқан барлық үміткерлер аудандық мәдениет бөлімінің тарапынан арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

1 313 қаралым