Жарияланды: 09.11.2018

Қазақ қызы өзін әдепті ұстауы керек

Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округіне қарасты №15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектебінде «Арыңды сақта, бойжеткен» тақырыбында жасөспірімдермен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты — ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан-жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ұлттық бойындағы бір жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдеп-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел – ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке – бірлігін, туыстық татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел – ана. Сондықтан осындай көргенді әйел-ана атану үшін және жарқын болашаққа қадам басу үшін қыз баласы бүгінгі күннен бастап өзін соған әдепке сай ұстау керек. Кездесуге Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімнің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы, мектеп психологтары, медбикесі, Жартытөбе ауылдық округінің дәрігерлік емханасының психологы және жасөспірімдері қатысты.

1 320 қаралым