Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты №21 Яссауи атындағы жалпы орта мектебінде «Бүгін бала,ертең ата-ана» такырыбында жасөспірімдермен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау. Бүгінгі жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлғалар ғана біздің еліміздің жарқын болашағы екендігін түсіндіру. Кездесуге Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімнің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы, мектеп психологы, медбикесі және жасөспірімдер қатысты. Кездесудегі қажетті кеңестер мен келелі әңгімелесуден соң, жасөспірім оқушы қыздарымыз өз көкейлеріне көп ой түйіп, оң бағыт-бағдар ала білді. Жас ұрпақтың санасына ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып, ескертіп, сіңдіре білсек ғана қателіктермен, жат қылықтардан абай бола аламыз.
Жарияланды: 10.11.2018