Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі №12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен «Өз тағдырыңа балта шаппа, жеткіншек» тақырыбы аясында, Тəуелсіз Қазақстандағы профессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы жəне қазіргі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары, діни бірлестік қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Шараны өткізудегі мақсат — болашақта жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптастыру, сондай-ақ, жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау. Оқушылармен байланысты туындаған дау-дамайды шешу үшін педагогтарға көмек көрсету. Кездесуге бас имам О.Сейдазов, Сарыағаш аудандық Ішкі істер басқармасының кəмелетке толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі аға инспектор С.Нұрлыбеков, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теологы Б.Асатуллаев жəне ұлтаралық қатынас инспекторы А.Ахмедова қатысты.
Жарияланды: 10.11.2018