Жарияланды: 10.11.2018

Ұл мен қыз тәрбиесі отбасы құндылығының негізі

Отырар ауданы,  Қарақоңыр ауыл округі Абай атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық қыздар күніне арналған онкүндігі аясында келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу мақсатында жоғарғы сыныптың қыз балаларымен кездесу өткізілді. Іс-шараға мектеп психологы Ә. Тукешбаева, мектеп медбикесі А. Қожақметова қатысып, қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті оқиғалар (өз-өзіне қол жұмсау), ерте жүктілік, қыз тәрбиесі жөнінде түсіндіріп, баяндама жасаса, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызу пікір алмасты.

Сонымен қатар, дәл осындай кездесу Темір ауыл округі С. Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде  де жалғасты. «Қыздың болашағы — бәрімізге ортақ болашақ» атты тақырыпта өткен іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жүнісова, мектеп психологы А. Мейбекқызы, мектеп медбикесі Л. Рахматуллаева қатысып, қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы  оқиғаларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, баяндама жасады. Бұл жақта да оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар жастардың сұрағына жауап берді.

1 585 қаралым