Жарияланды: 10.11.2018

Имандылық — ұлттық тәрбие

Имандылық- адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттеріне белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Осы орайда Отырар ауданы, Қарғалы ауыл округінде «Имандылық ұлттық тәрбие» атты жастар арасында кездесу жиыны өтті. 
Қарғалы ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрқұл ақсақал өз сөзінде «Біз қазақ-мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» дегендей қазақ халқы басынан сөз асырмаған, ешкімге намысын таптатпай, елдігін сақтаған халық. Осы қасиет сонау ықылым заманнан бесік тәрбиесінің негізіне айналып, жас ұрпақ санасына сіңіріліп отырған. Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің атқа мініп қол бастаған батырлардың барлығы дерлік- қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің жемісі- деді.
Ауыл имамы П.Рай Ұлттық тәрбие- ананың ақ сүті, бесік әлдиімен келетін дүние. Қазақтың ұлттық тәрбиесінің негізін салған М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп атап өтті. Жастар өз кезегінде көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

1 224 қаралым