Жарияланды: 10.11.2018

Жеткіншектерге психологиялық дәрістер оқыды

Сарыағаш ауданы, Талапты ауыл округі А. Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық қыздар күніне арналған онкүндігі аясында «Келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу» мақсатында жоғарғы сыныптың қыз балаларымен кездесу өткізілді. Іс-шараға ауыл әкімі Жипсыбаева Динара Әбілқасымқызы, А. Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Усеева Шолпан Әбубәкірқызы, Талапты ауылдық емханасына қарасты Фельдшерлік акушерлік пункты мекемесінің акушер ісі маманы Махатова Салтанат Елқондықызы, А. Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы Байболова Гүлзира Рашидқызы, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекет мекемесінің психолог маманы Жантілеш Гүлдана Батырханқызы қатысты. Кездесу барысында қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті оқиғалар (өз-өзіне қол жұмсау), ерте жүктілік, қыз тәрбиесі жөнінде түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетіліп баяндама жасалса, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызу пікір алмасты. 

1 240 қаралым