Жарияланды: 10.11.2018

Жастар жат ағымға қарсы

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, Дарбаза ауылдық округінің әкімшілігі, мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, ата-анаға деген, досқа деген құрметті күшейту, үлкенді сыйлау, жастарға жақсы тәлім- тәрбие беру, рухани жаңғыру, мәдениеттілікті арттыру, жастардың жат ағымның жетегінде кетуіне себепкер болып жүрген өзге ағымдардан сақтану мақсатында Дарбаза ауылдық округінің мәдениет үйінде, «Красный уровень» фильмі көрсетілді. Жағымды, өмірлік мәні бар фильмдерді көру адамның ақыл-ойын, интеллектісін арттырады, патриоттық сезімін оятады. Соңғы жылдары қазақ кинөндірісі адамгершілікті, бауырмашылықты, достықты ту ететін тақырыптарға фильмдер түсіріп, оны көрермен назарына ұсынуда. Жастар осындай кинотуындылардан рухани азық алады деп сенеміз. Сондай-ақ, дәл осындай тәлім-тәрбиелік мағынасы бар көрсетілім аудандағы №10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты жатақханасындағы оқушыларға арналып көрсетілді. Кинодан жақсы әсер алған жастар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. 

1 208 қаралым