Жарияланды: 10.11.2018

Бала тәрбиесі тасада қалмайды

Жағымды жаңалық. Отырар ауданында алғаш рет Коворкинг орталығы ашылды. Енді аудан балалары мен жастары уақыттарын текке өткізбейді. Орталықтың басты мақсаты – балалардың тәрбиесіне көңіл бөлу. Кітапхананың жанынан құрылған нысанда жастар сүйікті ісімен айналысуына бар жағдай жасалған. Келешек жастарды жан-жақты болуына мүмкіндік беретін жобаның іске асуына «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы ұйытқы болды. Коворкинг орталығы заманауи үлгіде жасақталған. Мұнда компьютерлік сыныптар, қолөнер шебері және ұлттық аспаптар үйренетін арнайы үйірмелер бар. Орталық қызметкерлері Коворкинг орталығы бір сөзбен айтқанда бірлесе жұмыс жасау, отбасының ынтымағын арттыруға негізделген дейді. Бастауыш партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және аудан әкімі мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, оң бағасын берді. Кітапхана ұжымы, алдағы уақытта түрлі тренингтер, интеллектуалдық сайыстар мен сабақтар ұйымдастырмақ.  Мұнда мектеп оқушыларылармен бірге ересектер де, әсіресе ата-аналарда келіп уақыт өткізсе болады. Орталықтың отбасы, бала тәрбиесіне берер пайдасы көп. 

 

1 084 қаралым