Әр әйелдің өзінне тән әлемі бар. Жаны нәзік дегенімізбен, атқарған ісі ер адамға бергісіз бұрымдылар саны облысымызда да жетерлік. Солардың бірі де, бірегейі — Ирина Демидова. Омарташылықпен ғылыми негізде айналысып жүрген жас ғалым Қазақстан ауыл әйелдерінің форумына қатысуға шақырту алды. Іскер әйел бұл кәсіп атадан балаға мұра болып келе жатқан жәдігер дейді. Кәсіпкердің отбасы омарта шаруашылығын нәсіп еткен. Өздерінің жеке фермалары да бар.
Бүгінгі күні ферма ғылыми-зерттеу институтымен, сондай-ақ ресейлік әріптестерімен ынтымақтасқан. Ұрықтандыру мұнда табиғи және аспаптық жолмен жасалады. Бұл жұмыс аралардың таза тұқымдардың әкелерін дәл білу үшін жасалады. Дегенмен бұл жұмыстың да өзіндік қиындықтар жеткілікті.
Араларды көктеммен күзде баптап, күту керек. Себебі олар осы мезгілде ауырып қалуы көп кездеседі. Ең басты қиындық кене. Омарташылар осы қиындықтармен күреседі. Мақташылар бізді алқаптарға кіргізбейді. Негізі түсінген адамға араның пайдасы зор. Біріншіден аралар гүлдерді тозаңдандырады. Яғни алынатын өнім де мол болар еді. Болашақта бұл сұрақты шешіп диқандармен бірлесіп жұмыс істейміз деген ойдамыз дейді Ирина.
Мемлекет асыл тұқымды шаруашылықтарға айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді.Субсидиялау арқасында омартаның асыл тұқымды өзегі жыл сайын көбейіп келеді.Сондықтан аралардың тұқымы тазарады. Өнімділігі жақсарады. Шаруа қожалықтары 2013 жылдан бастап субсидия алып келеді. Бұл жағдай шаруашылықты ғылыми тұрғыдан дамытуға және мол өнім алуға серпін береді.Ауылда жүріп ғылыммен айналысу –ниет еткен адам үшін тіпті қиын емес. Жас ғалым-Ирина Демидова осыны дәлелдеп берді.