Бұдан былай бір практикалық дәрігер 1 700 адамды қарайды. Осы уақытқа дейін олар 2 000 адамға дейін емдейтін.Науқанның мақсаты — қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, бұл шара нарыққа жаңадан қосылған медицина ұйымдарының келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасау мақсатында өткізіледі.
Жаңа жүйеге ерекше көңілі толғандардың бірі – Гүлнұр Сартаева. Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны, 5 баланың анасы. Өзінің жеке кәсібі бар ол кез-келген орталыққа тіркеліп, тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік туғанына дән риза. Себебі, күннің басым бөлігін жұмыста өткізетін оған үй жанындағы орталықтан, жұмыстың қасында орналасқан емханада қаралу әлдеқайда тиімді, жас ана.
Айта кетейік, Қазіргі таңда қордың жеткізушілер тізімінде 1 365 медициналық ұйым бар. Оның 623-і — жекеменшік иелері. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал 2019 жылы олардың саны 10%-ке артады деген болжам бар. Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады