Жарияланды: 10.11.2018

Қамқорлықты ерекше қажет балалар елордаға саяхаттап қайтты

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Еліміздің тарихында қалған ұлы тұлғалар мен батырларды кеңінен насихаттау болып табылады. Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілері яғни, балалар үйі мен балалар ауылының жасөспірімдер арасында ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында «Біз бақытты баламыз» атты байқау ұйымдастырылып, жеңімпаз болып іріктеуден өткен талантты, өнерлі, үздік оқитын 50 тәрбиеленушілерге облысымыздағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия ұымдастырылды. Ал бүгіннен бастап 8 — 10 қараша күндері аталған жоба бойынша 50 үздік тәрбиеленуші Астана қаласындағы тарихи-мәдени орындармен танысу сәттері. Әрине бұл өз кезегінде бүлдіршіндерімізге салт — дәстүрлерімізді дәріптеу және насихаттау, қоршаған ортаны сүюге, Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, патриотизмдіқ сезімдерін нығайтады деп сенеміз деп хабарлайды Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі. 

 

1 101 қаралым