Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Төле би ауданындағы №2 балалар үйі, Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемелерінің талантты, өнерлі, үздік оқитын тәрбиеленушілеріне облысымыздағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жүргізілді.
Экскурсия барысында «Қ.А.Ясауи» кесенесі, ежелгі «Яссы қалашығы», Жер асты «Қылует» мешіт-медресесі, Қасиетті «Үкаш-ата» құдығы, «Гауһар ана» кесенесі, «Алхожа ата» кесенесі, «Арыстан баб» кесенесі, «Құрбан ата» кесенесі, «Ө.Жәнібеков» кесенесі, «Руханият – Әбу-Насыр Әл-Фараби» мұражайы, «Отырар мемлекеттік қорық-мұражайы» үздік оқитын балаларға таныстырылды. Сонымен қатар, экскурсияда «Бізбен бірге» жас еріктілер тобының мүшелері балаларды қажетті заттармен қамтамасыз етіп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілердің көңілін көтеру мақсатында ойындар ұйымдастырып, жақсы күн сыйлады. Балалар осындай тамаша саяхат барысында еліміздің тарихын тереңнен тани білді.
Жарияланды: 10.11.2018