Жарияланды: 10.11.2018

Қазақстанның ауыл әйелдерінің I форумы өтті

Астана қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес жыл сайын 15 қазанда аталып өтетін халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған «Қазақстан әйелдерінің ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі» атты ауыл әйелдерінің бірінші форумы өтті. Форумды ұйымдастырушылар: «Жасыл» экономиканы және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «EXPO&WOMEN» ХҰ» ЗТБ.
Форум Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауларында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы экономиканың жаңа драйвері болуы тиіс агроөнеркәсіп секторының рөлін күшейтуге баса назар аударылған. 
Республикада ауыл халқы 42,5% — ды құрайды, оның жартысынан астамы — әйелдер және олардың ауылдық аумақтарды дамытудағы рөлі айтарлықтай. Форум Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда әйелдердің жетістіктері мен үлесін көрсету үшін платформа құру, сондай-ақ әйелдерді ынталандыру, оларды жасыл экономикаға тарту, Органикалық Ауыл шаруашылығын және ауылдағы жұмыспен қамтудың түрлі нысандарын енгізу мақсатында өткізілді. Форум спикерлері ретінде ҚР Парламентінің депутаттары, облыс және ауылдық округ әкімдері, Нұр Отан партиясының, ҚР салалық министрліктерінің, ҚР Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Дүниежүзілік ауыл әйелдері қауымдастығының, Халықаралық ұйымдардың, даму институттарының өкілдері, бизнес тренерлер, АӨК және фермерлік шаруашылық саласындағы бизнес басшылары, жетекші ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Форум жұмысына Түркістан облысының делегациялары қатысты. 

1 242 қаралым