Атам қазақ ықылым заманнан «қыз-қонақ» деп төрден орын беріп, аса құрмет көрсеткен. Қыз баласын жат жұртқа аттандыратын болғандықтан оған қимастықпен қарап, оның тілектерін бұлжытпай орындап, еркелетіп өсірген. «Қызды қырық үйден тию» атты мақалдарды нәзік жанға соншалықты қатаң, қатал қараған деп түсінбеу керек, бұл қыз баланы жамандықтан қорғағаны. Қазіргі таңда қыздарымыздың білім алуы, олардың зорлық-зомбылықтан, кемсітушіліктен және мәжбүрлі некеден қорғалуы, құқықтарын жүзеге асыруы барлығы Ата заңымыздан бастап қорғалған. Сондықтан мектеп жасындағы жеткіншек қыз баланың болашағын жарқы ету мақсатында Шардара ауданы, Ұзыната ауылдық округінде арнайы кездесу өткізілді. Кездесу кезінде тиісті сала мамандары оқушы қыздарға бүгінгі қоғамның бағыт-бағдары, ерте жүктілікті, отбасындағы зәбір мен зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын-алу жолдарын әңгімеледі. Сондай-ақ, айта кетейік Достық ауылдық округінде де жасөспірімдер арасында бала еңбегін қанауы бойынша алдын алу мақсатында оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы арасында «Қазақстан балалары-нұрлы болашақ» атты тақырыпта ата-аналар мен ауыл билері және жастардың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жарияланды: 11.11.2018