Жарияланды: 11.11.2018

Әжелер институты жобасын дамыту туралы айтылды

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өңірде атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындарға кеңінен насихаттауға тамызда басталған жоба кездесулері аяқталып келеді. Облысымыздағы демографияға үлес қосу процесі ең жоғары аудандардың бірі Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылындағы АОК-да «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Сабира Байзахова, «Ару аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бану Ордабаева, Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығының ғылыми ағарту бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Жақанқызы лектор болып өз салаларының зерттеулермен бөлісті. Рухани жаңғырудың отбасы, салт-дəстүр құндылықтары бағыттарындағы тұрғындармен пікір алмасуында кірме дəстүрлер, қыз балалардың ерте жүктілігі, көнерген дəстүрлер мен отбасы құндылықтары, əжелер институты жобасын дамыту туралы айтылды. Сондай-ақ кездесуге аудандағы кітапханашылар, а/о əкімдік қызметкерлері жəне ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында жоба аясында жасалған Момбек Әбдәкімұлының авторлық «Түркістан облысының ХХ ғасырға дейінгі тарихына қысқаша шолу» атты кітабы таратылды. Қараша айының ортасында жоба Түркістан қаласында қорытындыланатын болады.

1 275 қаралым