Жарияланды: 11.11.2018

Отбасындағы тəрбие деңгейі қандай?

 

Рух пен ұлттық кодты қазіргі қоғамда түрлі бағытта қолдауымыз керек, қалай? Отбасындағы тəрбие деңгейі қандай? Тал бесіктен жер бесікке дейінгі салт-дəстүрлердің адам өміріне əсері қандай? Кей дəстүрлерді озығы мен тозығы жетті деу дұрыс па? Осы сияқты қоғамның сантүрлі ортақ сауалдарына жауап іздеу мақсатында,
Түлкібас ауданының орталық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өңірде атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындарға кеңінен насихаттауға бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараға «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Байзахова Сабира Мұратқызы модераторлық етті, сонымен қатар «Ару аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бану Ордабаева, әдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығының ғылыми ағарту бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Жақанқызы лектор болып өз салаларының зерттеулерімен бөлісті. Рухани жаңғырудың отбасы, салт-дəстүр құндылықтары бағыттарында тұрғындармен пікір алмасты. Сондай-ақ кездесуге аудандағы кітапханашылар, мəдениет бөлімі жəне ішкі саясат қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты. 

1 375 қаралым