Жарияланды: 11.11.2018

Тәрбиесі мол отбасылар жайлы бейнефильм ұсынылды

Кентау қаласындағы орталық кітапханының рухани жаңғыру залында тұрғындармен және жастармен кездесу өтті. Кездесуге «Жалын» жастар ұйымының төрағасы Құрмет Керімбеков модераторлық етті, сондай-ақ «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Маманова Дана жəне «Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығының ғылыми ағартушылықты дамыту бөлімінің басшысы Гүлшат Жақанқызы арнайы сөз сөйлеп қоғамдағы құндылықтарды түсіну мен игеруді түсіндірді. Кездесудің мақсаты — дәстүрдің озығы бар, тозығы бар, Елбасы мақаласында айтылған өз тарихымыз бен салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды сақтай отырып, қазіргі заманға сай ішіндегі керегін алып, қоғамға пайдалану. Әсіресе жастардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту, дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, отбасы құндылықтарын осы бастан сезіне отырып, жауапкершілікті үйрету. Сонымен қатар, алқалы жүздесу кезінде облыстың тәрбиесі мол отбасылары туралы жасалған арнайы бейнефильмдер көрсетілді. Келелі кездесуден көпшілік көкейге көптеген ой түйіп, өзіндік ой-пікірлерімен де бөлісті. 

1 217 қаралым