Жарияланды: 11.11.2018

Сырлы Созақта отбасы құндылықтары насихатталды

 Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым — қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. 
Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата — бабасының салт — дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата — ананың ең маңызды міндеті. Отбасы құндылықтарын және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау жобасы аясында Созақ ауданында тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесуге «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Маманова Дана жəне «Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығының ғылыми ағартушылықты дамыту бөлімінің басшысы Гүлшат Жақанқызы, «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керімбеков Құрмет арнайы сөз сөйлеп жобаның отбасы жəне салт-дəстүр құндылықтары аясында тұрғындармен пікір алмасу өткізді. 

1 293 қаралым