Жарияланды: 11.11.2018

Мемлекеттік қолдауға ие болған – жас кәсіпкер

Облыста қол қусырып отырмай, жұмыс жасаймын деген жастарға екі қолға бір күрек табылары анық.Олардың әр қадамына мемлекеттен көрсетілер қолдауда жеткілікті.Осындай мемлекеттік бағдарлама шарапатын көрген жастардың бірі — Ахан Рахымбердиев.Сарыағаш ауданының тумасы кәсіпкерлік саласына кездесоқ келген жоқ. Он ойланып, тоғыз толғанып, үй ішімен ақылдасып ортақ шешімге келеді. Келісіп пішкен тон келте болмас. Аудан орталығы Сарыағаш қаласында»Эффект жарнама» реклама орталығын ашады. Осылайша, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, бүгінгі таңда өз кәсібін одан әрі дөңгелетіп отыр. Бастапқыда қиындықтар кездесті. Алайда, мемлекеттік бағдарлама біраз уақыт аяққа тұрып, бас көтеріп, ес жиюға мүмкіндік берді дейді жас кәсіпкер. Алдағы уақытта кәсібін одан әрі дамытып, бизнес биігін бағындыруды жоспарлап отыр. Дәл осылай елдің өсіп-өркендеуіне өз септігін тигізуді мақсат тұтқан жастың мақсаты айқын. Қадамы нық боларына сеніміміз мол.

1 011 қаралым