«Жас келсе іске…». Бүгінде Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінде орналасқан «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік цехының басты еңбек күші – жастар. Бұл өндіріс ошағының іргесі 2012 жылы қаланған болатын. Қуаттылығы бір ауысымда 4000 блок өнім (сағыз) өндіреді. Өндіріс көлемінің жалпы құны 70,0 млн. теңгеге жуық. Кәсіпорын директоры Қ.Жаназаров мұндай жоғары өнім көлемінің негізі қажырлы жас қызметкерлер екенін жасырмайды.
Сағыз шығаруға қажетті шикізаттарды Түркия елінен тасымалданады. Дайын өнімдер ішкі нарықпен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдеріне экспортталады екен. Жылдан жылға тапсырыс көлемі де артып келеді.
Бүгінгі таңда «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехында 1 ауысымның өзінде 30 жас жұмыс жасайды. Қызметкерлердің басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Кәсіпорынның негізгі еңбек күшін жастар құрайтындықтан, көтеріңкі көңіл- күйде кәсіпте кездесетін ұсақ қиындықтар білінбей де кетеді. Сонымаен қатар, әріптестер арасында достық, сыйластық сынды ізгі қасиеттер басты орында.