Жарияланды: 11.11.2018

Жастар өз болашақтары жайлы

«Мемлекеттік қызмет – қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі және міндеті». Қазығұрт ауданындағы «№11 колледжінің» белсенді студент жастарының арасында  осындай атаумен пікір-сайыс болып өтті. Мақсат — жастардың болашақта өз орнын тауып кетуі. Келешекте нақты жоспарың қандай, бүгін алдына арман мен мақсат қоя білген адам ертең сол мақсатына жетері сөзсіз. Бүгінгі студент  — ол ертеңгі маман. Пікір-сайысты аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Бақытжан Молдабайұлы Ильясов жүргізіп отырды.

Шара барысында студенттермен мемлекеттік қызметшілер екіге бөлініп, пікір алмасты.  Мәселен, біліктілігі жоғары мамандар қазіргі мемлекеттік қызметтің қыр-сырынан хабар берсе, студент жастар тарапы өз ойлары мен көкейге түйген сауалдарын ортаға салды. Жиын соңында студенттерге өздерінің алдарына қойылған мақсат пен жоспарға жету жолдарын мемлекеттік қызметкерлер түсіндіріп өтті. Білікті мамандармен тілдескен болашақ қызметкерлердің өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі арта түсті. Оқуды абыроймен тәмамдап, армақ- мақсаттары жолында аянбай еңбек етуге бекінді. Кездесу барысында студенттер ерен еңбек абырой бастауы екенін ұғынғандай болып, келешекке нық сеніммен қарады.

995 қаралым