Қазығұрт ауданына қарасты Қарабау, Жаңабазар ауылдық округтерінде «Қыз өссе елдің көркі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мәдени шара бой түзеп есейіп келе жатқан қыз балаларға психологиялық және рухани көмек қолын созып, танымдық- ақпараттық кеңес беруге бағытталған. Жиынның басты мақсаты отбасының қйытқысы болып саналатын болашақ аналадың бойына отбасылық құндылықтарды, әйелдің қоғамдағы және отбасындағы орны мен міндетін сіңіру болып табылады.
Жиын соңы тағы да келелі кездесуге жалғасты. Жастар арасында құқықбұзушылық, әлімжеттілік зорлық-зомбылықтың алдын алуды көздеген шара — «Қылмыссыз болашаққа бір қадам» деп аталады. Мәдени кешке мектеп оқушылары мен қызметкерлері ат салысты. Арнайы мамандар шәкірттерге қылмысқа барудың зардабы жарқын болашаққа көлеңке түсерерін ұғындыруға ұмтылды.
Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі тек ата- ананың ғана емес, бүкіл қоғамның қаперінде болуы шарт. Бүгінде олардың қалыпты өмір сүруіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Себебі, балаға жасалған қамқорлық пен қаралған қаржы — болашаққа салынған тиімді инвестиция.