Сайрам ауданына қарасты Манкент ауыл округі әкімдігінің мәжіліс залында этносаралық татулықты нығайту, ішкі саяси біртұтастықты сақтау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ауыл тұрғындары қатысуында кездесу болып өтті. ұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысында да бірқатар өзерістер енгізілген. Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын растайтын құжаттар болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін. «Әйелдерді қорғау» орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің де саны көбейе түскен. Балалар да үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады.Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзады. Кездесуге кезінде отбасындағы зорлықтан сақтану, оны болдырмау жолдары айтылды. Сондай-ақ. Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сайрам аудандық филиалының басшысы А.Сайтмұратов, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы Әлеуметтік сүйемелдеу қызметі сектор меңгерушісі Ғ.Медеуов қатысып үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізді.
Жарияланды: 12.11.2018