Жарияланды: 12.11.2018

Кәмелетке толмаған балалар көшеде мезгілсіз жүрмеуі тиіс

Жетісай аудандық прокуратура мен аймақтық ішкі істер басқармасы бірлесіп бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, рейд жүргізілді. Ілгімді шараның өтуіне аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болды. Мақсат- құқықбұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандарды және балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды анықтау. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуын және түнгі уақытта заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуын анықтап, тиісті жазаға тарту.

Кішігірім қылмыстық құқық бұзушылық салдары баланы үлкен қылмыстарға итермелейді. Осы олқылықтың алдын алу біздің негізі қағидамыз дейді ұйымдастырушылар тарапы.

 Аталмыш шара ауданда жиі ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесі жаман емес. Бүгінде кәмелетке толмаған балалардың мезгілсіз көшеде жүруі кілт азайған. Бұл тынымсыз еңбектің нәтижесі. Балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігін өз міндетіне алған құқық қорғау саласының қызметкерлері игі шара бұдан кейін де өз жалғасын табатынын жеткізді.

 

1 475 қаралым