Жарияланды: 12.11.2018

Көргені мол ақсақалдар жастарға ақыл-кеңесін берді

Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округі №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінде келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу мақсатында жасөспірімдермен кездесу болып өтті. Шараға көргені мен көңілге түйгені мол ауыл ақсақалдары, аудандық әжелер алқасы мен мектеп қызметкерлері, психолог мамандар мен оқу орнының шәкірттері бас қосты. Жастарымыздың бойына құқықтық адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру беруге бағытталған жиында қариялар сөз алып, өздерінің ғибратты ғұмыры мен жүріп өткен өмір жолын баяндады. Өмір атты ұзын жолда қиыс қадам жасау жарқын болашаққа бастар баспалдақты жояды. Сондықтан, ешкімнің ала жібін аттамай, ата-ананың ақыл алып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете отырып, алдыңғы буыннан көрген тәрбиені кәдеге жаратса, қоғамға пайдалы адам болып қалыптасады. Осылай деген ауыл қариялары жастарды жат қылықтардан аулақ болып, хақ жолымен жүріп, адал кәсіпті нәсіп қылуға шақырды. Ал, жас буын өкілдері ақсақалдардың айтқан ақылын жадына тоқып, өсиетін санасына сіңірді.

1 212 қаралым