Жарияланды: 12.11.2018

Қыз тәрбиесі құндақтан бастау алады

Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл — жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін білдіреді. Қазығұрт ауыл округіне қарасты Тұрар Рысқұлов мектеп-лицейінде қыздармен әдет-ғұрып, салт-сана, тәлім-тәрбие туралы дөңгелек үстел өтті. Өйткені қыз баланың тәрбиелі, әдепті болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының әсері  мол. Халқымыздың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сөздері өмір тәжірибесінен алынғаны сөзсіз. Сонықдықтан да, қыз баланың бойында ақылдылық, инабаттылық сынды жақсы қасиеттер жастайынан қалыптасуы тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деп тегін айтпаған. Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген сөзі қыздың тәрбиесі оның ата-анасына да көп байланысты екенін білдіріп тұрғандай. Өмірден түйгені мол ұстаздар шәкірттерімен осылай сырласты. 

1 283 қаралым