Қазығұрт ауданы жастарының бастамасымен «ЖҮРЕГІМ ТОЛЫ МЕЙІРІМ» атты көрме акциясы өткізілді. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 14-25 жас аралығындағы жастарды өмір сүруге деген бейімділігін арттыру, қоғам назарынан тыс қалдырмау бағытында ұйымдастырылды. Акция мақсаты қорғансызға қамқор болу, тағдырдың жазғанымен жаралы болғандарға жәрдем беруді насихаттай отырып, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ізгілік, қамқорлық сияқты қасиеттерді дамыту. Олар күнделікті тірліктің шырғалаңында қалып бара жатқан халқымыздың ізгі қасиеттерінің бірі болып табылатын қайырымдылық пен жанашырлық қасиеттері туралы ата-аналар мен оқушылардың түсініктерін кеңейте отырып, өзгенің өміріндегі қиыншылыққа немқұрайлы болмауға, мүмкіндігінше көмек көрсетуге, қайырымдылық жасауға атсалысуға тәрбиелейді, оның мүмкін екенін және қажеттілігін сезіндіруге тырысты. Айта кетейік, ауданда осындай қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады. Себебі, қазығұрттық жастар «қолы ашықтың жолы ашық» деген ұстанымды санасына сіңіре өскен.