Жарияланды: 12.11.2018

Жолдауда жастар жайлы не айтылды?

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс са­пасын арттыру» атты Жолдауын тү­сін­діру мақсатында арнайы ақпараттық топ құрылған Ұйым мүшелері мемлекеттік маңызды құжатты жастар арасында насихаттау мақсатында Сарыағаш ауданындағы  Қабланбек ауылдық округінде жастармен кездесу өткізді. Жиында жоғары білім беру жүйесінде мамандарды даярлау мен оқу орындарындағы білім сапасына қойылатын талаптардың кү­шей­ті­ле­тінін атап өтті. Оқу бітіргеннен кейін тү­лектердің жұмыспен қамтылу көр­сет­кіші – жоғары оқу орындарын бағал­ау­дың негізгі шарты болмақ.
Жастар үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. Елбасы шешімімен 2019жыл – жастар жылы болып белгіленді. Демек, жастардың мүмкіндігі жылдағыдан тағы жоғары артады. Бұл жас буын өкілдері үшін таптырмас мүмкіндік. Тек бұл жолы ғана емес, президент барлық жылы жастар мәселесін алдыңғы орынға қояды. Өздеріне деген ерекше қамқорлықты сезінген жастар осылай деп, жолдауға бір ауыздан белсене қолдау білдірді.

1 374 қаралым