Балаларды қорғау мәселесі прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Оларға қатысты зорлық-зомбылықтың қатаң түрде жолы кесілуі керек. Бүгінгі таңда кәмелет жасқа толмағандарға жыныстық қолсұғушылыққа қарсы жауапкершілік шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар құқықтық нормалар қабылданған. Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында Жетісай ауданына қарасты Қарақай ауылдық округі Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде алқалы жиын өтті. Іс — шараға мектеп басшылығы, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі, әлеуметтік псиxологиялық сүйемелдеу сектор қызметі мен мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Жастар арасында зорлық-зомбылықтың, келеңсіз оқиғалардың, ерте-жүктіліктің, аутодеструктивті оқиғалардың алдын алу мақсатында өткен жиында мектеп шәкірттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар пікірлерін ортаға салып, сала мамандарынан керек кеңес тыңдады.
Айта кету керек, аталмыш ілкімді шара бүгінде облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылып, мектеп оқушыларымен студенттермен жұмыстар жүргізіліп отыр.