Жарияланды: 12.11.2018

Оқушылардың құқықтық сауатын аттыруда

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының» ұйымдастыруымен өтетін шара оқушылардың құқықтық сауатын аттыруда. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ертежүктіліктің және аутодеструктивті мінез құлық, қалыпты емес дағдарыстың, құқықбұзушылықтың, алдын-алуға бағытталған жиын бұл жолы Жетісай ауданы, Ділдәбеков ауылдық округі, Жаңа дала ауылында «Жаңа дала» атындағы жалпы орта мектебінде болып өтті. Келелі кездесуге Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерінің, аудандық ІІБ инспекторы және гинеколог мамандары ат салысып, қолдау білдірді. Жиын барысында Ішкі істер басқармасының инспекторы сөз алып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын айтып өтті. Ата-аналарды мектепп пен тығыз байланыста болуға шақырды. Гинеколог маман ерте жүктіліктің негізгі проблемасы неден пайда болатынын психологиялық тұрғыда түсіндіріп өтті. Жиналыс барысында оқушылар өздерінің ойларымен бөлісіп, жеке сұхбат жүргізілді. Кездесу соңында Жастар ресурстық орталығының психологы оқушыларға, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы бір-біріне көңіл күйді сыйлау мақсатында психологиялық тренинг өткізіп көңіл күйлерін көтерді.

1 297 қаралым