Жарияланды: 12.11.2018

Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі зор

Қазығұрт ауданында  Қыздар арасында әлім жеттілікпен ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбы аясында психолог, учаскелік инспекторлардың қатысуымен кездесу болып өтті.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралғыларымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Жиынға қатысушылар бойжеткенге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үлкен өмірге қажет танымдық кеңестер берді.

 

1 078 қаралым