Жарияланды: 12.11.2018

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі

Балаға тәрбие беру балабақшалардан бастау алады. Бүгінде осы міндеттің үдесінен шығып отырған бөбекжайлардың бірі — Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан «Күншуақ» балабақшасы. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бүгінгі таңда 280 баланы 12 топқа бөліп тәрбиелеуде. 1986 жылы құрылған мекеме 2012 жылы күрделі жөндеуден өтіп заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған. Бүлдіршіндер мекемеде қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерінде білімнің алғашқы сабақтарын алуда. Балабақшада жоғары санатты, жоғары білімді педагогтар жұмыс істейді. Соның нәтижесінде 2017 жылы балабақшада аудандық семинар өтіп, бірінші орынды иеленді. Мерекелік іс-шаралар бүлдіршіндердің ата-аналары қатысуымен жоғары деңгейде өтіледі.

Көптің көңілінен шыққан балабақшадағы бүлдіршіндер саны күн санап артуда. Мұнда бөбектерге барлық жағдай жасалған. Мектеп алды топтары әріп танып, бірінші сыныпқа дайындық жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұл ең әуелі ата-аналарға қуаныш сыйлады. Бала болашағына алаңдаған олар мұндағы білікті мамандардың арқасында перзенттері мектеп қабырғасында әріп тануда қиындық көрмейтін болды деп отыр.

988 қаралым