Жарияланды: 12.11.2018

Келес ауданының жастары тың бастама көтерген

Қайырымдылық қылсаң қайыры Алладан қайтады.Осы ұстанымды жадына тоқыған қазақ ешқашан жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына да бей-жай қарамаған.  Келес ауданында Әлеуметтік жағдайы төмендеу отбасылар үшін арналған тегін таратылатын киім-кешек дүкені ашылды. Бұл игі бастаманы жергілікті жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен мешіт қызметкерлері қолға алған. Тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін жаңа дүкеннің есігі әрқашан ашық. Ұйымдастырушылар аз қамтылған тұрғындардың тізімін жасаған. 

Жасыратыны жоқ, дүкендегі заттардың барлығы бірдей жаңа емес. Біразы пайдаланылған, бірақ киюге жарамды. Бұл заттар сіздің үйде де болуы әбден мүмкін. Сондықтан босқа тастағанша, сіз де үйіңізде бос жатқан заттарды апарып, қаржылай көмек берсеңіз болады. Қиындығы мен қызығы, ауыры мен жеңілі алма-кезек алмасып жатқан мына өмірде қолдан келсе, қайырымдылық жасап, көпшіліктің алғысын алғанға не жетсін, шіркін!

1 127 қаралым