Жарияланды: 12.11.2018

Жастардың қылмысқа баруы жыл сайын төмендеп келеді

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен жыл басынан осы уақытқа дейін жасалған жастар арасында құқықбұзушылықтарға анализ жасалды. Қылмыстың алдын алу бойынша АІІБ, аудандық Прокуратура, Білім бөлімі, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мектеп басшыларының тәрбие орынбасарларының қатысуымен жиын болып өтті. Жл қортындыс жаман емес.

Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау ор­ган­дарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадаға­лауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қа­лып­тасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өне­гелері ерекше орын алады. Ал са­­бақтан тыс уақыттарда, каникул кез­­дерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдас­тырылмауы, көше­дегі келеңсіз оқи­ға­­лар­дың көптігі мем­лекеттік және үкі­­меттік емес ұйым­­дардың қызметіне сын. Егер ел­­де­гі әртүрлі ұйымдар сабақ­тан қолы бо­саған оқушыларға арнап спорт­тық кешендер ашып, жарыстар өткі­зіп тұрса, жас жеткіншектердің шы­ғармашылық қабілетін бағалайтын үйірмелер ұйымдастырса, жас балалар­дың жаман іске үйір болуына, тіпті мойын бұруына, мұршасы болмас еді.
Жасөспірімдердің аяқ астынан қыл­мыскерге айналуының осындай терең себептері бар екенін ескерген Ішкі істер министрлігі 2007 жылдан бастап орта білім беретін оқу ордаларының жанынан оқушылардың тәртібін қадағалайтын мектеп инспекторлары тобын құрды. Бұл мектеп инспекторлары қазіргі таңда қалалық немесе аудандық Ішкі істер басқармаларының әкімшілік полиция бөліміндегі ювеналды полиция бөлімшелеріне қарайды. Олардың айтуынша, жастардың қылмысқа баруы жыл сайын төмендеп жатыр.

 

1 130 қаралым