Жарияланды: 12.11.2018

Мырзакент әкімі ауыл жастарымен кездесті

Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің бастамасымен Мырзакент кенті әкімі округ жастармен кездесті. Кездесуге жергілікті округке қарасты мектептерден оқу озаттары, аудан, облыс, республика көлемінде танымал жастар, талантты жастар және жұмыссыз жастар мен ата-аналар комитетінің төрағалары, ауыл ақсақалдары мен ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Кездесу барысында Кент әкімі тақырыпқа сәйкес баяндама оқыды, жастарға қатысты өзекті тақырыптарда еркін пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақында халыққа дәстүрлі кезекті Жолдауын арнады. Бұл Жолдауда алдағы жылдың Жастар жылы деп аталатыны айтылды. Әр мемлекеттің болашағы— жастар. Қазақстанда сіздерге қандай жағдайдың жасалып отырғанын күнделікті өмірлеріңізден көріп-біліп отырсыздар. Осыдан 27 жыл бұрын осындай зияткерлік мектептер болған жоқ, бұл — тәуелсіздіктің жемісі. Осының барлығы Елбасының жастарға деген қамқорлығының, елдің болашағын ойлағандығының айқын дәлелі. Жолдауда көрсетілген осы басымдықтарды баяндаған аймақ әкімі жастарды еңбек етуге шақырып психологиялық қолдау көрсетті. Жиын соңы мерекелік іс-шараға ұласты.

 

1 155 қаралым