Жарияланды: 12.11.2018

Жаңа ғасырдың жаңа жастары теріс құбылыстарға бармауы тиіс

Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі – жасөспірімдер, кәмелеттік жасы болып табылады. Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісе бастаған кезде оның жан-жақты проблемаларын оқып үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде. Әсіресе мұндай қажеттілік қазіргі таңда жастар проблемасын мұқият зерттеп, жаңа көзқарастармен өзгертіп, қайта қарау заңды кұбылысқа айналуда. Осы олқылықтардың алдын алу мақсатында Мырзакент кенті №120 жалпы орта мектебінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Жастар заң бұзушылыққа қарсы» атты тақырыпта кездесу болып өтті. Кездесуге Мақтаарал ауданы Прокуратурасының прокуроры аудандық ІІБ қызметкері және жоғары сынып оқушыларымен ұстаздар, мектеп директоры қатысты. Мақсат – жастар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу. Жаңа ғасырдағы Қазақстан жастарының хал-жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде теріс ықпал етуде, яғни жастар проблемасы бүгінгі таңда бірқатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі.

1 006 қаралым