Жарияланды: 12.11.2018

Ұрпақ саулығы баршаға ортақ міндет

Дені сау ұрпақ- мемлекеттің баға жетпес құндылығы.Ал, оның денің саулығы салауатты өмір салтымен тікелей байланысты. Мақтарал ауданына қарасты Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінде спорттық шара болып өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес халықты «Салауатты өмір салтына баулу», жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқудан тыс бос уақыттарын тиімді өткізуді насихаттауды жүтеген болатын. Осы мақсатынта спорттың футбол және волейбол түрлері бойынша мектеп оқушылары арасында «Мектеп лигасының» кезекті турі ұйымдастырылды. Тартысты ойын нәтижесінде жүйіктер анықталып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау яғни, режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болуы қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторы. Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.

1 081 қаралым