Жарияланды: 12.11.2018

Жастар жобасын әрдайым қолдаймыз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауын насихаттау үшін «KAZATOMPROM SAURAN» компаниясының жас мамандарымен талқылап, түсіндіру үшін облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы мен Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Жеңісәлі Төлепбергенов өндірістік саланың жастарымен кездесті.

Айта кетейік, жастар көңіліне жаққан тағы бір жаңалық келер жылдың жастар жылы болып жариялануы. Мемлекеттік маңызы басым құжатпен танысқан жас қызметкерлер, Елбасы бастамасын қуаттай отырып, жаңа мүмкіндіктер мен жаңалықтарға деген қуанышын жасыра алмады.

Жиында жастардың алға қойған мақсаттарын іске асырып, оларға барынша жағдай жасалып жатқандығын компания басшылығы тілге тиек етті. Жиынды қорытындылаған Береке Талғатұлы жастардың жобаларын әрдайым қолдайтынын, өндірісте жұмыс жасайтын жастар арасында аудандық, облыстық көлемінде жарыстарға шығатын командалар мен жастар ұйымдарын жасақтауды ұсынды. Еңбекшіл жастар қашан да қоғамға аса қажетті адам капиталы.

        

1 096 қаралым