Жарияланды: 12.11.2018

Ұрпақ саулығы – болашақ кепілі

Ұрпақ саулығын ойлаған мемлекет бұқаралық спорт түрлерін дамытуға бел буды. Осы мақсатта мемлекеттік қазынадан қаржы бөліп еліміздің барлық аймақтарынан Street Workout спорт алаңшасы ашуды қолға алған. Үкімет тапсырмасына сәйкес кезекті спорт алаңшасының түсауы Созақ ауданында кесілді. Бұл ең алдымен аудан балалары мен жастарының көңіліне қуаныш ұялатты.

Енді  Созақ жастары бос уақытында дене шынықтырып, теннис ойнап, достарымен бірге тиімді уақыт өткізе алады. Ең бастысы ақысыз, қолжетімді және заманауи. Бала болашағы оның денсаулығына байланысты. Оқу, білім алу, үйрену немесе біреуді үйрету үшін адамға мықты денсаулық керек. Жеке тұлғаның денсаулығын сақтауға деген құндылық бағдары әрдайым әртүрлі жағдайларда өзінің ойлары мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы. Олардың дені сау болу үшін ұстаздар оған жақсы дәстүрлер мен әдеттерді сіңіріп, салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі мен оны іске асырудың жолдарын үйретуі қажет.Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.

1 256 қаралым