Жарияланды: 12.11.2018

Арыс қаласында «Отан — отбасынан басталады» байқауы өтті

Отбасы татулығы мемлекеттің мызығымас негізі. Сол себептен жанұяның тұрақтылығы мен тыныштығы елдің жіті бақылауында. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «25 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымымен құрылған, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне» орай Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың мәдени мұрасын сақтау, салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, дарындыларға қолдау көрсету мақсатында «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті.

Дүбірлі дода үш кезеңнен тұрады. Бірінші турда отбасылар тыныстырылуы өтсе, екінші кезекте отбасылық өнер және үй тапсырмасы бойынша бақ сынасты.Сайысқа Арыс қаласы мен ауданынан бірқатар отбасылар қатысты.

Тартысты сайыс нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Әлімбаевтар, І-орынды Искеновтер, ІІ-орынды Жұмабаевтар, ІІІ-орынды Байырбековтар отбасы иеленсе, Абуовтар, Өмірбаевтар, Смайловтар, Өтегеновтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды. Естеріңізге салар болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап өткен.

 

1 082 қаралым