Жарияланды: 12.11.2018

Денсаулықты бала кезден күту керек

Денсаулықты бала кезден күту керек. Жасы 74-ке келсе де, бітімі сымбатты, түріс-тұрысы сергек Жеңіс Берікқара осылай дейді. Қарт кентау қаласындағы мектеп оқушылары және колледж студенттерінің кездесу өткізіп, денсаулығының мықты болуының себептерін айтты. Ақсақалдың айтуынша, осы жасқа келгенше, аурудан аман, сырқатсыз сүргенінің сырыи – салауатты өмір салтын ұстануда. Спортпен тұрақты шұғылданып, пайдалы әрі сіңімді тамақтарды тұтынған адамнан кесел айналып өтеді.

Аталған кездесуде қазыналы қарт бала кезіндегі сүйіп ойнайтын ойынын, өзінің салауатты өмір салтын қалай ұстанатынын, өнерге жүрегі жақын екенін ерекше әңгімелеп, қазақтың қара домбырасымен бірнеше халық әндерін нақышына келтіре орындап берді. Сондай-ақ жастарға әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты екендігін түсіндірді. Қазіргі таңда Жеңіс ата қала жұртшылығы алдында үлкен беделге ие абзал жан. Бүгінгі ортаға салынған сауалдар мен оларға берілген жауаптардың яғни, нақыл әңгімелердің барлығы дерлік оқушылардың жанына азық, келешектегі тыныс-тірлішіктеріне айқын жолдама болары сөзсіз. Уақытын бөліп, жастармен кездесуге келіп, жақсы үлгі – өнегесімен бөліскен кенші, әнші, салауатты өмір салтын ұстанушы Жеңіс Берікқараға ұйымдастырушылар тарапынан сый –сияпат жасалып, жастар қонақпен естелік суретке түсті.

1 246 қаралым