Жастарға психологиялық қолдау ауадай қажет. Себебі, үлкен өмірге енді ғана қадам басқан олардың қиыс қадам жасауы демде. Сол себепті, түркістандық жастармен жұмыс істейтін мамандар білімін жетілдірді. Сонымен қатар, оларға өз саласының үздік мамандары тәжірибелерімен бөлісті. Түркістан облысы жастар ресурстық орталығында аудандағы жастармен жұмыс жасайтын мамандар біліктілігін арттыру мақсатында білім алуда.
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлының бастауымен, Түркістан облысына қарасты аудан, қала «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарына мемлекеттік бағдарламалар, кәсіптік білім беру және қызмет көрсету саласы бойынша тәжірбие алмасып оқыту, сабақтары жүргізілді. Бұл оқытудың басты мақсаты — аудан, қала жастарына қызмет көрсететін мамандардың біліктілігін арттыра отырып, аудан жастарына беретін қызмет түрлерін жоғарылата отырып жастар саясатын жүзеге асыру. Қазіргі таңда 16 аудан, қаладан келген 32 маман оқытылуда. Он бір бағыт бойынша оқытылып жатқан қызмет түрлері бойынша арнайы мамандар сабақ өтті. Атап өтер болсақ, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Дипломмен ауылға», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жастарға бағытталған шаралар, «Ырыс» микроқаржы ұйымы, «Жас кәсіпкер» бағдарламасының ережесі мен талабы, «Даму» кәсіпкерлерді қолдау, «Атамекен» ҰҚП, Жастар арасында кәсіпкерлік қолдау мен дамыту бағдарламасы, «Жасыл ел», «Мәңгілік ел» жастары индустрияға «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша облыстың үздік мамандары жастарға өз тәжірбиесімен бөлісті. Оқудың соңында мамандар оқытылған бағыттар бойынша қортынды тест тапсырып және практикалық жұмыс жасады.